Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тағылымы мол кездесу

0 698

Бүгін М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің «Филология және журналистика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Тарих пен тағылым» атты аймақ айнасы «Aq jol» газетінің 100 жылдығына орай кездесу өтті.

Басқосуда Дулати университетінің басқарма мүшесі – ректордың міндетін атқарушы Гүлвира Мұсабекова құттықтау сөз сөйлеп, ата газеттің тарихына кеңінен тоқталды.

Шараға «Aq jol» газетінің бас редакторы Хамит Есаман, «Әлеумет» бөлімінің меңгерушісі Гүлжан Рахман мен аталған газеттің тілшілері, оқу орынының профессор-оқытушылар құрамы және журналистика, филология мамандығының студенттері қатысты.

Кездесу аясында қонақтар студенттердің қойған сұрақтарына жауап берді. Шара соңында ұйымдастырушылар қонақтарға сый-сияпаттарын табыстады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.