Қалалық қоғамдық-саяси газет

Құтқарушылар арасындағы жарыс

0 292

Салауатты өмір салтын насихаттау, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің спорттық дағдыларын дамыту мақсатында өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметкерлері арасында кіші футболдан және волейболдан турнир ұйымдастырылды.

Тартысқа толы болған аладоп аламанында І орынды №2 ауысым жеңіп алса, ІІ орынды №4 ауысым, ІІІ орынды №1 ауысым еншіледі. Сондай-ақ аталған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Жандос Төкешов «Үздік шабуылшы», Медғат Абай «Үздік қақпашы», Нұрғазы Бердиханов «Үздік қорғаушы» номинацияларына қол жеткізді. Ал волейбол турнирі нәтижесінде №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командасы жеңіске жетсе, ІІ орынды басқарма аппаратының, ІІІ орынды жедел құтқару жасағының құрамалары олжалады.

Жомарт Бекболат, өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.