Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жат ағымдар жақсылыққа апармайды

0 1  135

Пиғылы жат діни теріс ағымдар бұл күнде ғаламдық проблемаға айналып отырғаны шындық. Тоқсан толғаулы тарихымызды парақтар болсақ, халқымыздың қандай да бір діни алауыздықтарға жол бермегенін байқаймыз. Ал қазір «Алла» атын аузына алып, намазға жығыла бастағандарды көрсек, кәдімгідей қобалжитын жағдайға жеттік. Мұнда мәселе діннің өзінде емес, дін атын жамылушы теріс пиғылдылардың қитұрқы әрекетінде болып тұр.Осыған орай ҚР ІІМ кешенді жоспарына сәйкес, Тараз қалалық полиция басқармасы экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері облыс орталығының аумағында қоғамдық-саяси жағдайлардың тұрақтылығын сақтау мақсатында кешенді жұмыстар жүргізіп келеді.
Бүгінгі таңда қалада 4 конфессия бойынша 58 бірлестіктер мен филиалдар, 11 намазхана мен 1 құлшылық жасау орны тіркелген. Олар: «Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы» республикалық ислам діни бірлестігінің 35 мешіті мен 11 намазханасы, христиан бағытындағы 21 діни бірлестігі, 3 филиал және 1 құлшылық ету үйі бар. Барлық мешіттер мен діни бірлестіктер ҚР заң талаптарына сәйкес рәсімделген.
Қазіргі таңда экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімшесі және аудандық полиция бөлімдерімен 730 деструктивті діни ағымының жақтастары бақылауда. Оның ішінде «салафизм» және «Таблиғи Жамағат» ағымының ұстанушылары бар.
Жыл басынан бері атқарылып келе жатқан шаралар нәтижесінде 9 ай ішінде Тараз қалалық полиция басқармасы экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімшесімен экстремистік бағыттағы құқық бұзушылықтар бойынша 28 дерек анықталып, тіркелді. Барлық іс Тараз қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданған.
Тараз қаласының аумағында 2022 жылы Террористік тұрғыда осал нысандардың тізіміне енгізілген 445 объекті орналасқан. Жыл басынан бері бұл аумақтарға профилактикалық 30 оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар орта және жоғары оқу орнында білім алушылармен, жастармен дәрістер өткізіліп, экстремизмге қарсы күрес бағытындағы жұмыстар ұдайы жүргізілуде.

Тараз қаласының полиция басқармасы экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімшесі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.