Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ерекше жандар құрмет құшағында

0 330

Күні кеше «Мүгедек жастар қоғамы» 25 жылдығын атап өтті. Өмірдің барлық сынын қайыспай көтерген олардың ерік-жігері, жақсылыққа деген құштарлығы, белсенділігі, дүниеге көзқарасы айналаға ерекше нұр беріп тұрғандай. Олардың қайсарлығына таң қалмау әсте мүмкін емес.

Ұйымның ширек ғасырлық мерейтойына қала әкімі Бақытжан Орынбеков қатысып, ізгі тілегін жеткізді.
– Ерекше жандардың шексіз қиялдары мен ертеңге деген сенімі баршамызға үлгі. Осы орайда мен Тараздағы барша кәсіпкерлерді, қоғам белсенділерін, бірлестік-ұйымдарды осынау жан-жүрегі мейірімге толы нәзік те батыл жандарды қолдауға шақырамын. Қолдау дегеніміз – тек материалдық тұрғыда емес, рухани демеу көрсету. Қайырымды қала тұрғындары деген – сіз бен біз. Сондықтан да оларға сүйеу болуға әрқашан даяр болуымыз қажет, – деген шаһар басшысы еңбегімен еленген азаматтарға арнайы марапаттарды табыстады.
Келесі кезекте қоғамдық ұйым мүшелері өз өнерін паш етіп, жиналған қауымды тәнті етті. Осы арқылы олар әлемді сұлулық қана емес, ізгілік те құтқаратынын, сол арқылы өмірді шексіз сүюге болатынын тағы бір дәлелдеді.

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.