Қалалық қоғамдық-саяси газет

Адал қызметкерлердің ата-аналарына алғыс

0 147

Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімінде Республика күні аталып өтті.

Салтанатты жиын Әнұранмен басталып, оны желілік полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Қалжан Орынбеков жүргізіп отырды. Шарада сала қызметкерлері марапат төрінен көрінді. Атап айтқанда, Көліктегі полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Оңал Бакиевтің бұйрығымен Мейірбек Әшімов Алғыс хат алса, Берік Амантаев «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгісін иеленді.
Сондай-ақ өз қызметіне адал, жауапкершілігі жоғары полиция майоры Шәміл Керімбаев пен полиция аға лейтенанты Ержан Майсуповтың ата-аналарына Алғыс хат берілді. Бұдан өзге 4 қызметкер марапатталып, 3 қызметкердің тәртіптік жазасы мерзімінен бұрын алынып тасталды.
Жиын әрі қарай концерттік бағдарламаға ұласты.

Ерман ӘБДИЕВ, журналист

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.