Республика күніне орай бастау алған «Жанашыр жүрек» атты акция аясында Сарысу ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен қалалық №1 қарттар мен мүгедектер үйінде салтанатты шара өтті.
Шарада сөз алған Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев қарияларға ізгі тілегін білдірді.
– Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, ізінен ерген жас буынға ақыл-кеңесін аямайтын қарттарымыздың орны ерекше. Халқымыз «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп бекер айтпаған. Баршаңызға ұзақ өмір, зор денсаулық тілеймін, – деген Марат Қырғызәліұлы қарияларға азық-түлік себеттерін табыстады.
Салтанатты шара әрі қарай Сарысу аудандық өнер шеберлерінің концерттік бағдарламасына ұласты.
Жұмаш Жолболды