Қалалық қоғамдық-саяси газет

Келелі кездесу

0 168

Күні кеше шаһар төрінде «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының үйымдастыруымен өңірдің дамуына өз үлесін қосып жүрген бизінес-қоғамдастық өкілдерімен өңір әкімі Нұржан Нұржігітов арнайы кездесті.

 Кеңесте көтерілген мәселелер кездесу хаттамасына енгізілді. Облыс әкімі бастамаларды толығымен қолдап, осы мәселелерді шешуге қатысуға дайын екендігін мәлімдеді. Ол кәсіпкерлікті дамытуда жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.

 -Кәсіпкерлермен тығыз қарым-қатынас жасау мақсатында біз 4 арнайы алаңды іске қостық: бірінші, апта сайын инвестициялық штабтың отырысы өтеді, онда әрбір кәсіпкер өз жобасын таныстыра алады. Екіншіден, біз әрбір кәсіпкердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған прокуратура жанынан құрылған Сараптамалық кеңестің жұмысын жалғастырамыз. Үшінші және төртінші, өңірлік кеңес пен кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі де бизнес субъектілерін қолдау алаңына айналады», – деп түсіндірді облыс әкімі Нұржан Молдиярұлы.

Өз кезегінде «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков Ұлттық палата кәсіпкерлікті қорғау экожүйесін құру жобасын іске асырып жатқанын атап өтті.

-Қазіргі уақытта біз ҰКП қызметін трансформациялауды жүргізіп жатырмыз, мемлекеттік органдармен бірдей деректермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін салалық сараптамамызды күшейтіп жатырмыз. Әрбір әкімдікпен біз белгілі бір экожүйені енгізуді пысықтаймыз, оның көмегімен кез келген кәсіпкер «бір терезе»қағидаты бойынша мемлекетпен өз мәселелерін тікелей шеше алады. Біздің құзыретіміз шеңберінде» Атамекен» жарияланатын проблемаларды шешу үшін бар күшін салады», — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, іс-шара Мемлекет басшысының 2022 жылғы 19 мамырда бизнес-қоғамдастықпен кездесу барысында әкімнің прокуратураның қатысуымен бизнеспен тоқсан сайынғы кездесулерін өткізу қажеттілігі туралы айтқан тапсырмасын орындау мақсатында ұйымдастырылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.