Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Олар жеке мақсатты көздейді». Тоқаев қаңтар оқиғасы туралы айтты

0 161

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы қаңтар оқиғасы туралы айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент елімізде заң үстемдігі болуға тиіс екенін айтты.

«Онсыз қоғамдық тәртіп орнату мүмкін емес. Басқаша айтқанда, ішкі саясатымызда заң мен тәртіпті басшылыққа аламыз. Тек сонда ғана біз азаматтарымыздың игілігіне бағытталған экономикалық реформаларды тиімді жүргізу үшін қолайлы жағдай жасай аламыз. Заң мен тәртіп мемлекетіміздің беделіне шын мәнінде, нұқсан келтірген қайғылы қаңтар оқиғасының қайталануына жол бермеуге мүмкіндік береді», – деді ол.

Одан сабақ алу керек және бұзақылар мен лаңкестерден батыр жасаудың еш қажеті жоқ, деді Президент.

«Ал бұзақыларды, кісі өлтірушілерді, тонаушыларды қолдауға тырысатындардан сақ болу керек. Олар халқымыздың түпкі мүддесіне мүлдем сай келмейтін жеке мақсатты көздейді«, – деді Мемлекет басшысы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.