Жигули Дайрабаев Қазақстан президенттігіне кандидат болып тіркелді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Осылайша, Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидатты тіркеуге қажетті барлық рәсімдер сақталды. Орталық сайлау комиссиясы Жигули Дайрабаевты Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде тіркеді», — деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.