Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері 109 171 теңге болды

0 651

Биыл 9 айда қазақстандықтарға 2,2 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биыл қыркүйекте республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 244,8 млрд теңге, оның ішінде, базалық зейнетақыны төлеуге – 74,5 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге 170,3 млрд теңге бөлінді.

1 қазандағы мәлімет бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 261 мың адам.

2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 109 171 теңге болды.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.