Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Аруақтардан ұят болды». Депутат министрдің өтірігін бетіне басты

0 706

Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Берік Дүйсембинов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевты сынға алды, деп хабарлайды Экспресс К.

Министр өз баяндамасында Ақтөбе-Атырау-Астрахань жолының жаңартылып жатқанын айтқан. Бірақ бұған шыдай алмаған депутат, Берік Дүйсембинов кезексіз микрофон алып, мұның өтірік екенін жеткізді.

Осы сенбі-жексенбі күні Атырау-Астрахань жолын өз көзімізбен көріп, өз аяғымызбен жүріп қайттық. Түнде келдік. Сіз айтып отырған уәде — 2023 жылы бітіреміз дегені өтірік әңгіме. Жолдың үстінде жұрттан қалған арба секілді әр жерде бір каток тұр, — дейді депутат.

Ол бұл жолдан қайнап жатқан жұмысты көрген жоқпыз деді. Министр айтқан 60 шақырымда автокөліктер жүру үшін емес, сынған көліктерін жөндеу үшін тоқтайды екен. Бір ғасырдан астам уақыт мұнай өндіріп отырған аймақтың соның пайдасын көрмей отырғанына қынжылысын білдірді.

 

Осыншалықты байлықпен жолдарымызды жөндей алмай отырмыз. Жолдың бойымен келе жатып Исатайдың жанынан өтесіз. Тұщыбұлақтың қасынан, батырлардың, Құрманғазының қасынан өтесіз. Солардың аруақтарынан ұят болды. Қай жылы бітеді жол? Нақты жауап беріңізші, — деді Берік Дүйсембинов.

Қайырбек Өскенбаев болса аталған жолдың 150 шақырымы биыл, 117 шақырымы келесі жылы бітетінін айтты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.