Қалалық қоғамдық-саяси газет

БҚО-да жасөспірім досын атып тастады

0 235

Батыс Қазақстан облысында 15 жастағы жасөспірім оқ жарақатын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Экспресс К.

Оқиға Бөкейорда ауданы Ханордасы ауылында болған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқ жасөспірімнің қарын тұсына тиген.

Қазіргі таңда оның денсаулық жағдайы ауыр, бірақ қалыпты. Санавиациямен облыс орталығына жеткізілді, қасында балалар реаниматологы болды. Қазіргі таңда облыстық көпсалалы ауруханада жатыр. Жағдай тұрақты, дұрысталып келеді, —делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Полицияның мәліметінше, 12 калибрлі қару оқ атқан жасөспірімнің ағасына тиесілі екені анықталған.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ҚК-нің 114 бабы бойынша атыс қаруының иесіне қатысты хаттама толтырылды,— делінген хабарламада.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.