Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сайлау-2022: 7 үміткер сайлаушылардан қол жинауға кірісті

0 247

20 қарашада өтетін кезектен тыс Президенттік сайлауға кандидат ретінде ұсынылған 7 үміткер сайлаушылардан қол жинауға кірісті. Олар келесі аптаның жұмасына дейін заңнамада көрсетілген қолды жинап, кандидат ретінде тіркелуі керек. Орталық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша, әзірге тек бір үміткерге рұқсат берілді. Ол Халықтық коалиция атынан ұсынылған, қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев. Одан бөлек, қазір жол жинап жатқан үміткерлердің тізімі мынадай: «Ауыл» партиясы атынан – Жигули Дайрабаев, «Аманат» кәсіподақтар достастығы атынан – Мейрам Қажыкен, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан – Нұрлан Әуесбаев, «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлердің ұлттық альянсы» атынан – Қарақат Әбден, «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігі атынан – Жұматай Әлиев, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» бірлестігі атынан – Салтанат Тұрсынбеков және «Футбол жанкүйерлерінің қазақстандық лигасы» республикалық қоғамдық бірлестігінен ұсынылған Бақыт Жаңабаев.

Ал, Орталық сайлау комиссиясы үш үміткерді президенттікке кандидат ретінде тіркеуден бас тартты. Олар: Талғат Ерғалиев – «Қазақстан құрылысшылар одағы» атынан, Хайролла Ғабжалилов – «Оралмандардың «Асар» бірлестігі» атынан және Фатима Бизақова – «Тәжірибелік психология» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан. Бұдан бөлек, комиссия «Мұқалмас» қоғамдық бірлестігі атынан ұсынылған Нұржан Әлтаевтің сәйкестігін белгілеу рәсімін уақытша тоқтатты.

Асылбек Данияр

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.