ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Астана әуежайында Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовті қарсы алды деп хабарлады turkystan.kz.
Сапар барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан басшысы Сердар Бердімұхамедов өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды деп күтілуде.
Сонымен қатар С. Бердімұхамедов ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысады.