Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сайлауға байланысты ақпараттық хабар

0 162

2022 жылы 13 қазанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Бақыт Маратұлы Жаңабаевтың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау бойынша Лингвистикалық комиссияның отырысы өтті.

Лингвистикалық емтихан үш кезең бойынша өтті: жазба жұмысын орындау, қазақ классикалық әдебиеті шығармасынан үзінді оқу және таңдаған тақырып бойынша шаршытоп алдында сөз сөйлеу.

Емтихан аяқталған соң, комиссия алқалы талқылау өткізіп, қорытындылады.

Отырыстың қорытындысын Лингвистикалық комиссияның төрағасы, филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Құрманжанұлы Ахметов баяндады.

Кандидаттың жазба жұмысы «Экология – бүгіннің басты мәселесі» тақырыбында болды. Жазба жұмысы мазмұны, стилі, емлесі, тыныс белгілері бойынша бағаланды. Кандидат берілген уақытты толық пайдаланды. Екінші тапсырма бойынша Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» жинағынан үзінді оқыды. Үшінші тапсырма бойынша «Бабалар аманаты» тақырыбына өз ойын баяндады.

Емтихан қорытындысы бойынша Лингвистикалық комиссияның бір мүшесі қалыс қала отырып, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жаңабаев Бақыт Маратұлының мемлекеттік тілді меңгергендігі туралы көпшілік дауыспен шешім қабылданды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.