Қалалық қоғамдық-саяси газет

Үш кандидат президент сайлауына қатыса алмайды – Орталық сайлау комиссиясы

0 321

Орталық сайлау комиссиясы үш кандидаттың Қазақстан президентіне қойылатын талаптарға сай келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайролла Ғабжалиловтың мемлекеттік қызметті тәжірибесі жоқ екені анықталды. Сонымен қатар Қазақстанда туылмаған. Оның кандидатурасын «Асар» Оралмандар бірлестігі» ұсынған еді.

«Қазақстан құрылысшылар одағы» атынан саяси додаға түпек болған Талғат Ерғалиев те қойылатын талаптарға сай емес. Кандидат мемлекеттік қызметте кем дегенде 5 жыл жұмыс істеуі керек, ал Ерғалиев мемлекеттік қызметте тек 3,5 еңбек еткен.

Фатима Бизақова президент сайлауына кандидат ретінде тіркелмеді. Себебі мемлекеттік қызметте еңбек өтілі жоқ. Бизақова «Практикалық психология» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан ұсынылған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.