Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бас прокурор Сағынтаев әкім болған уақытта Алматыдағы жерді заңсыз игеру туралы деректерді тексеруді тапсырды

0 194

Бас прокурор Берік Асылов Алматы әкімдігінің бұрынғы басшылығының Медеу табиғи саябағының жер телімін игеруге бергені туралы ақпаратты тексеруді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Алматы қаласының прокурорына Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтың «Медеу» табиғи паркі аумағының бір бөлігін иеліктен шығару туралы өтініші бойынша ақпаратты жедел тексеруді тапсырдым. Егер бұл ақпарат расталса, оларды жою және кінәлілерді жауапкершілікке тарту шаралары қолға алынады», – деп жазды Асылов Twitter парақшасында.

Заңгер Бақытжан Базарбек «Медеу» табиғи саябағы аумағының 20 пайызы тұрғын үй құрылысына көпшіліктің талқысынсыз берілгенін мәлімдеген еді. 12 қазанда Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Бас прокурордан Бақытжан Базарбек келтірген фактілерді тексеруді сұраған сауалын оқып берді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.