Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараз қаласы аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау жөніндегі күзгі екі айлық өткізу туралы

0 110

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 16) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Тараз қаласы аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау жөніндегі күзгі екі айлық 2022 жылдың 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін жариялансын.
  2. Тараз қаласы аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау жөніндегі қалалық штаб құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  3. «Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (А.Алтай) қаладағы шағын және орта бизнес субъектілерімен өздерінің кеңселерін, павильондарын және аумақтарын ретке келтіру, қолданыстағы санитарлық-гигиеналық нормаларын сақтау жөніндегі түсініктеме жұмыстарын жүргізсін.
  4. «Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (А.Бөбеев) құрылыс нысандарының келбетін қалпына келтіру жұмыстарын қадағаласын.
  5. «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Б.Бижігітов) қаладағы жекеменшікке берілген жер телімдерінің иелеріне санитарлық тазалық нормаларын сақтамағаны үшін қолданыстағы заң аясында тиісті шаралар қолданылсын.
  6. «Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Ұ.Сламбекова) күзгі екі айлықтың өту барысы мен әр аптаның қорытындысы бойынша ақпараттық материалдардың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы қамтамасыз етілсін және екі айлықтың өтуін насихаттау мақсатында қала көшелеріне баннерлер ілінсін.
  7. Тараз қаласының полиция басқармасы (А.Заурбеков – келісім бойынша) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, тұрмыстық    қатты    қалдықтармен    және    басқа  да    қоқыстармен

2

бейберекет ластануына жол бермеу үшін жеке және заңды тұлғаларға ескерту беру, айыппұл салу шаралары атқарылсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары Н.Қалдыбаевқа жүктелсін.

Қала әкімі  міндетін атқарушы                                                                                 Қ. Исмаил

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.