Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жоғалған балалар табылды

0 172

Қала күнін мерекелеу кезінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлерімен жергілікті жұмыстар жүргізілді.

Жоспарланған іс-шараларды іске асыру барысында ювеналды полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда және адамдар көп жиналатын жерлерде рейдтiк шаралар өткiздi .

Мәселен, «Көне-Тараз» этномәдени орталығында орналасқан стационарлық полиция пунктіне концерт барысында ата-анасының қарауынсыз қалған кәмелетке толмаған балалар жеткізілді. 102 пультіне ресми түрде балалардың жоғалғаны туралы 3 қоңырау түсті. Олардың барлығы ата-аналарына аман-есен табысталды.

– Жаяу патрульдеу барысында полиция қызметкерлері ата-анасының қарауынсыз қалған кәмелетке толмағандарды анықтады. Құқыққа қарсы қол сұғушылықтарды, сондай-ақ балаларды құқыққа қарсы ортаға тартудың өзге де жағдайларын болдырмау үшін Тараз қаласы ПБ басшылығы жоғалған адамдардың барлығын «Көне-Тараз» этномәдени орталығына кіре берісте орналасқан стационарлық полиция пунктіне жеткізу туралы шешім қабылдады. Жеткізу барысында кәмелетке толмағандардың қолда бар ұялы байланысы, сондай-ақ концерт алаңында орналасқан микрофон арқылы балалардың жоғалғаны туралы хабарланды. Жедел іс-қимылдар нәтижесінде сағат 19.00-ден 23.00-ге дейінгі уақыт кезеңінде барлық балалар заңды өкілдеріне аман-есен қайтарылды. Ата-аналардан адамдар көп жиналатын кез-келген іс-шаралар кезінде балаларына мұқият қарауды сұраймыз. Қараусыз қалу құқыққа қайшы әрекеттер жасауға себеп болуы мүмкін, – деді полиция капитаны Әлішер Қалышев.

Жұмаш Жолболды

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.