Қазақстандық ауыр атлет Зүлфия Чиншанлоның қоржыны тағы бір алтынмен толықты. Ол Бахрейн астанасы Манама қаласында өткен жатқан Азия біріншілігінде топ жарды.
55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ол жұлқа көтеруде 95 келіні көтерсе, серпе көтеруде 125 келіні оңай еңсерді. Осылайша, қос сайыс қорытындысы бойынша барлық қарсыластарынан басып озып, чемпион атанды.
Айта кетейік, 29 жастағы қазақстандық атлет былтыр Токио олимпиадасында осы салмақта қола медаль жеңіп алған. Бұдан бөлек, ол 3 дүркін әлем чемпионы, 2 мәрте Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған.
Дайындаған Жұматай КӨКСУБАЙҰЛЫ