Қалалық қоғамдық-саяси газет

Баһадүр Бауыржан

0 142

Жамбылдың топырағы,
Кенде емес ақындарға.
Құрсағы құтқа толы,
Көп мұнда батырлар да.

Бауыржан Момышұлы
Қазақтың азаматы.
Соғыстың даласында,
Танылған ғажап аты.

Жаулары сескенетін,
Есімі айтылғанда.
Құрметтер артық емес,
Осындай бай тұлғама!

Өзі ақын, суретші әрі
Математик, жазушы еді.
Тереңде жатқан сөздің,
Тамырын қазушы еді.

Жуалы жерінде өскен,
Алатау шыңым дейді.
Момыштан туғанменен,
Бар қазақ ұлым дейді.

Жаулары жасқанатын,
Бойында күш бар еді.
Десе де қазағына,
Мақтадан жұмсақ еді.

Көз көрген азаматтар,
Жан дейді күндей нұрлы.
Қазақтар ұмытпайды,
Қазағын сүйген ұлды.

Азамат сендей болсын,
Ел үшін табылатын.
Жан ата, қорғап жүрсін,
Біздерді аруағың.

Дархан Айзатхан, Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназияның 8-сынып оқушысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.