Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қылмысын жасыру үшін көліктерді өртеген ер адам ұсталды

0 178

Елордада көлік ұрлады және оны өртеудің бірнеше сериясын жасады деген күдікпен Қырғызстанның 24 жастағы азаматы ұсталды, деп хабарлайды Экспресс К.  

Бұл туралы Polisia.kz сайты жазды. «102» нөміріне түнде Асан Қайғы көшесінде белгісіз біреудің құны 4 миллион теңге тұратын ВАЗ-21214 автокөлігін айдап әкеткені туралы хабарлама келіп түскен.

Байқоңыр ауданының ПБ көлікті заңсыз иемдену дерегі бойынша ҚК 200-бабы «Айдап әкету» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, — делінген хабарламада.

Дәл сол күні елорданың тағы екі тұрғыны осы көшеде белгісіз адамдар Chevrolet Ravon және LADA Priora көліктерін өртеп жібергені туралы полицияға хабарлаған.

«Аталған дерек ҚК 202-бабының 2-бөлігі бойынша «Өртеу жолымен жасалған бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, сағат 05.30-да полицияға автомагнитоланы ұрлау фактісі бойынша арыз келіп түсті. Күдікті Mercedes көлігінің салонына терезені сындырып кірген. Кейін оны өртеген. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде», — деді Байқоңыр ауданы ПБ бастығы Марат Әбиров.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Ол өзінің кінәсін мойындады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.