Қалалық қоғамдық-саяси газет

Павлодарда мұғалімге тіл тигізген оқушының ата-анасына айыппұл салынды

0 142

Павлодар мектебінің мұғалімі әлеуметтік желіде оның намысына тиетін сөздер жазған оқушыға шағымданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, мектеп мұғалімі полицияға арызбен жүгінді. Ол өзін балағаттаған шәкіртіне шағымданды. Оқушының балағат сөздерін сыныптастары да көрген.

Оқушының мұндай әрекеті үшін ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 435 бабы (Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Тілдеген оқушының ата-анасына 7 АЕК, яғни 21 мың теңге  айыппұл салынды.

Материал Павлодар облысының кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, биыл өңірде 33 кәмелет жасқа толмағандар құқық бұзушылық жасағаны үшін заңды өкілімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.