Жақын күндері Болмановтар әулетінде дүбірлі той. Қыдырәлі мен Қарақаттың тұңғышы Бекболат қалыңдығын алып қашты, деп хабарлайды Экспресс К.
Соңғы күндері 21 жастағы Бекболат сүйіктісін елге көрсетіп, екі жас ерекше естеліктерін желіге жиі жүктеп жүр. Күні кеше ғашықтардың тойынын сурет тарады. Жұрт назарына іліккен фотода «Бека+Жами» деп ретро стильде жазылған. Сондай-ақ, Қыдырәлі мен Қарақаттың болашақ келіні Жәмила Маратқызы жеке өміріне қатысты маңызды мәлімдеме жасаған.
Ол мені алып қашты, — деп жазды Бекболат Болмановтың сүйіктісі.
Әзірге Қыдырәлі мен Қарақат жанұясындағы жағымды жаңалыққа қатысты әлеуметтік желіге ешқандай жазба жариялаған жоқ. Жұлдызды жұптың Instagram парақшасына зер салсақ, олар бір тәулік бұрын ғана Қарағандыға іс-сапармен барған және Қарақат Әбілдина сол өңірде қыз ұзатып қайтқан видеосын жеке парақшасында бөліскен.