Қалалық қоғамдық-саяси газет

Желіде Қырым көпіріндегі жарылыстың спутниктен түсірілген суреттері жарияланды

0 1  335

Америкалық Maxar Technologies және Planet Labs компаниялары Twitter-дегі парақшаларында 8 қазан таңертең Қырым көпірінде болған жарылыс пен өрттің спутниктен түсірілген суреттерін жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Суреттерде көпірдегі апаттан келген шығын анық көрсетілген. Керчь бұғазы арқылы созылып жатқан көпірде жанып жатқан цистерналардан шыққан түтін мен қираған көпір аралығы да көрінеді.

Еске салайық, 8 қазанда Қырым көпірінде жүк көлігі жарылып, салдарынан пойыздың жеті жанармай цистернасы өртенді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.