Маңғыстау облысында экстремизмге қарсы күрес департаменті қызметкерлері ҰҚК департаментімен бірлесіп ақша бопсалаған деструктив діни ағым өкілдерін ұстады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Лада» басылымына сілтеме жасап.
Өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, ұсталғандар қару қолдану арқылы ақша бопсалаумен айналысқан.
«Төрт адамнан құралған топ жәбірленушіден сегіз миллион теңге талап еткен. Оны Ақтаудағы жалдамалы пәтерге апарып, бопсалаушылар оны байлап, таңға дейін ұрып-соғып, азаптау үшін таяқ, пышақ, тапанша қолданған. Бәрі камераға түсірілген. Бұл 13 қыркүйекте сағат 23:30-да болған», – деп түсіндірді ведомство өкілдері.