Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мемлекеттік әнұранның бастапқы нұсқасы қайтарылуы мүмкін

0 465

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса ел әнұранының бастапқы нұсқасын қайтару қажет екенін айтты. Депутаттың айтуынша, әнұран мәтініндегі кей сөздер қисынға келмейді.

«Әнұранның әні жақсы, сөзіне онша қосыла алмаймын. «Аман сау қалыппыз» деп екі рет айтудың әнұранға не керегі бар?  Дәл қазіргі әнұранға кей авторлар жолдан қосылып, көптеген өзгеріс енгізіп жіберді. Кезінде Шәмші мен Жұмекен Үкімет үйінің емен есігінен де кіре алмады. Әнұранның мәтініне өмірден өтіп кеткен екі адамның ортасына барып Елбасымыз кірді деп бұған дейін де айтқанмын», – дейді ол.

Қазыбек Исаның сөзінше, әнұранның бастапқы нұсқасын қайтару – орынды іс.

«Өзгертсе, бұған дейінгі нұсқасын қалдыру керек», – деді депутат.

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.