Қалалық қоғамдық-саяси газет

Президент: Павлодар – Қазақстанның дамуында үлесі мол аймақ

0 255

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы жұртшылығымен кездесуінде айтты деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Павлодар – Қазақстанның дамуында үлесі мол, маңызы жоғары аймақ.

Өздеріңіз білесіздер, өткен аптадан бері өңірлерге сапарым басталды. Аймақтардағы халықпен кездесіп, ел дамуына қатысты бастамаларым туралы айттым. Алдымен Түркістан мен Шымкентке, содан кейін Семейге бардым.

Біз алдағы қысқа дайындық барысымен танысып, шұғыл мәселелерді қарадық. Облыстар үшін стратегиялық маңызы бар міндеттерді айқындадық. Бір сөзбен айтқанда, бұл өте мағыналы сапарлар болып жатыр», – деді Президент.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.