Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қолжетімді баға – тұрғындар игілігіне

0 124

Шараға облыстың 10 ауданы мен Тараз қаласы тауар өндірушілерінің және тұрақтандыру қорының өнімдері жеткізіліп, жалпы құны 101,3 миллион теңгені құрайтын 169,2 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылды. Оның ішінде 18,2 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 3,5 тонна шұжық өнімдері, 6,4 тонна сүт өнімдері, 6 мың дана жұмыртқа, 0,5 тонна кондитерлік өнімдер мен 4,0 тонна макарон өнімдері, 0,4 тонна тұз, 4,6 тонна балық, 2,0 тонна ұн, 2,6 тонна бал және 127,0 тонна жеміс-жидек пен көкөніс және 10 тонна қант өнімдері бар. Мұндағы бағаларға тұрғындар да дән риза. Соның бірі – Аманкүл Базарбаева.

– Біз сияқты зейнеткерлерге қала шетінде өтіп жататын азық-түлік жермеңкесіне барып-қайту өте қиынға соғатын. Осы жолы Орталық алаңда өтеді дегенде қатты қуандым. Өзім де осы маңда тұрамын. Ең бастысы, мұнда азық-түліктің қай түрі болмасын, базардағы бағадан әжептеуір арзан. Енді осындай жәрмеңке әр сенбі, жексенбі сайын ұйымдастырылып тұрса деген тілегім бар. Мұнда қай ауданның өнімін алғыңыз келсе, барлығының аты жазылып, қаз-қатар қойылған сөрелерге орналасқан. Базардағыдай бейберекетсіздік жайламағанына да қуаныштымын, – дейді зейнеткер.

Аталған жәрмеңке облыстың тауар өндірушілеріне өз тауарларын делдалсыз, тікелей тұтынушыларға сатуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде сатылымдағы тауарлардың бағалары нарық бағаларынан 10-20 пайыз аралығында төмен болды. Соның дәлелі – күндізгі сағат 11-ге дейін-ақ сөрелердегі тауарларды тұрғындар жаппай сатып алып кеткендігі. Осы орайда жергілікті базарлар мен сауда орындарының сатушылары да жәрмеңкеден бөлек өз тауарларын көпшілік назарына ұсынғанын да айта кеткен жөн.

Құрбанәлі Шахабай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.