Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстандықтар қазан айында неше күн демалады?

0 168

Қазақстандықтарда жаңа мереке – 25 қазанда атап өтілетін Республика күні пайда болды деп хабарлады turkystan.kz.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес Республика күні ұлттық мереке болып бекітілді.

Ол сейсенбіге келеді және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану үшін Қазақстан Үкіметі демалыс күнін 2022 жылғы 22 қазандағы сенбіден 2022 жылғы 24 қазандағы дүйсенбіге ауыстыру туралы қаулы дайындады.

Осылайша, Республика күніне бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 23, 24 және 25 қазанда демалады.

Алты күндік жұмыс аптасында – екі күн, 23, 25 қазанда демалады.

Қазан айындағы барлық жұмыс және демалыс күндері:

  • бес күндік жұмыс аптасында – 20 жұмыс күні және 11 демалыс күні;
  • алты күндік жұмыс аптасында – 25 жұмыс күні және алты демалыс күні.

22 қыркүйекте ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында депутаттар 25 қазан – Республика күнін мемлекеттік мерекелер қатарына қайтаруды көздейтін кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша түзетулер қабылдады.

16 маусымда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. Бұл туралы ол ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында хабарлады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.