Қалалық қоғамдық-саяси газет

Илон Маск Қырымды Ресейдікі деп тануды ұсынды

0 446

Ресей-Украина қақтығысын шешу үшін Қырымды ресейлік деп тану қажеттігін ұсынды. Бұл туралы америкалық миллиардер, Tesla және SpaceX негізін қалаушы, өнертапқыш Илон Маск мәлімдеді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі

Оның айтуынша, Украинаның Ресейге қосылған аймақтарында БҰҰ бақылауымен референдум өткізу қажет. Бұған қоса, миллиардер «Қырым 1783 жылдан бері Ресейдің бір бөлігі болып қала беретінін» мойындау, «Қырымға су жеткізуге» кепілдік беру, сондай-ақ Украина үшін бейтарап ел мәртебесін белгілеу қажет деп санайды.

Ал басқа твиттерде Маск  «Ресей ішінара жұмылдыру жүргізіп жатыр. Қырымға қауіп төнсе, олар толықтай жұмылдыра алады. Екі жақтан да өлім зардаптары ауыр болады. Ресейдің халқы Украинадан үш есе көп, сондықтан украиндықтардың жаппай соғыста жеңіске жетуі екіталай. Егер сіз Украина халқы үшін алаңдасаңыз, бейбітшілік іздеңіз» деп жазды.

Құрмаш Қаптағай 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.