Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақ тілі рейтингі: Екі министр мемлекеттік тілді меңгермеген

0 384

Жуырда Ranking.kz компаниясы жуырда қазақ тілін меңгеру бойынша рейтинг әзірлеген болатын. Зерттеу нәтижесіне сәйкес екі ведомство басшылары қазақ тілін меңгермеген. 

Тіл меңгеру бойынша ғылым және жоғарғы білім министрі Нұрбек Саясат көш бастады. Ол қазақ, орыс, ағылшын, итальян, түрік, жапон және латын тілдерін жетік біледі екен.

Екінші орынды сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен мен ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров бөлісті. Олар бес тілді меңгерген.

Үздік үштікте ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова бар. Олар төрт тілден жетік меңгерген.

Еңбек министрі Тамара Дүйсенова төрт тілді білгенімен, қазақ тілін меңгермеген екен. Сонымен қатар төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин де қазақ тілін білмейді.

Ал 19 министрдің 12-сі ағылшын тілін меңгерген.

Құрмаш ҚАПТАҒАЙ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.