Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстан-Ресей шекарасындағы жағдай: Ресейліктер легі азайды

0 361

Бірнеше күн бұрын Ресей мобилизация туралы жариялаған соң, Қазақстан-Ресей шекарасында бірнеше шақырымға созылған көлік кептелісі болған еді. Онымен қоймай осы жағдайды пайдаланғандар түрлі кәсіп өркендеткен. Ресей жақтан азық-түлік пен бензинді қымбат бағада сатса, біздің елде такси жүргізушілері пайдаға кенелген. Алайда, 2 қазанда жағдай өзгеріп, кептеліс басылған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, «Сырым» (Ресей жағынан «Маштаково») шекарасында Қазақстан жағынан жеті шақырымға созылған жүк көліктерінің кезегі 2 шақырымға дейін қысқарыпты. Кезек күткен жеңіл автокөліктер мүлдем болмаған. Жол жиегінде қоқыс көп. Бос бөтелкелер мен сөмкелерді жел ұшырып жатыр.

Такси жүргізушілерінің де қарасы азайыпты. Шекарадан халық ағылған алғашқы күндері такси жүргізушілері бекеттен Оралға жету үшін 2000 рубль (16 000 теңгеден сәл асады) қаражат сұраған. Ал қазір баға екі есе төмендеген.

Шекарада Ресей жағынан транзиттік жүк көліктері мен Өзбекстан азаматтарының отыз шақты жеңіл көлігі ғана болды. 29 қыркүйекте БҚО-ға келіп, 2 қазанда досын күтіп отырған ресейлік жағдайды түсіндірді.

«28 қыркүйекте мобилизация бойынша шақырту алғандар ешқайда кете алмайды. Ал қалғандары шекарадан кедергісіз өтіп жатыр», – деді ер адам.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.