Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жолдағы қауіпсіздіктің маңызы зор

0 1  287

«Жолдағы балалардың қауіпсіздігі» жедел алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігі және оқушыларға арналған жол белгілерін зерделеу бойынша танымдық сабақтар өткізуде.

Жасөспірімдерді жолдағы мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеуді мақсат еткен шара барысында тәртіп сақшылары балалармен профилактикалық әңгімелер жүргізе отырып, жаяу жүргіншілер өткелінде қауіп тудыратын сәттерді кеңінен түсіндіруде. Сондай-ақ полицейлер велосипедті, самокатты және роликті айдауда мұқият болуды және оларды қауіпсіз, тиісті орындарда басқару керектігін, жолдан қалай өту, жолда жүру кезінде және аулада қандай қауіп-қатерлерден сақтану керектігіне де тоқталуда.


Балалар да жол ережелерін талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойды. Аталған іс-шара жөнінде облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Ержан Мананбаев: «Балалардың жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақаттануының алдын алу бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жүргізушілер мен жол қозғалысының басқа қатысушылары арасында таратылатын арнайы буклеттер әзірленді. Оқу орындарының жанындағы жаяу жүргіншілер өткелінде және адамдар көп шоғырланатын жерлерде жүргізушілердің назарын арттыру үшін тиісті жол белгілері қойыл- ды», – деді.
Әрине, қауіпсіздік шаралары қашанда маңызды. Ол үшін сақтық шараларын барынша ескеріп, жолдан өтерде абай болған жөн. Сол арқылы өзгенің де, өзіңіздің де өміріңізді сақтай аласыз.

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.