Қалалық қоғамдық-саяси газет

Түйткілді мәселелердің түйіні тарқатылуда

0 210

Қала әкімі Бақытжан Орынбековтің азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдауы жалғасуда. Бұл жолы талап-тілегін тыңдатуға 20-ға жуық тұрғын келді. Солардың бірі – Мәди Қалжанов. Қала тұрғыны Қапал көшесі, 4-бұрылысқа кіші футбол алаңын салып беруді сұрады. Тұрғынның талабын тыңдаған Бақытжан Әмірбекұлы демеушілер арқылы көмек беру мүмкіндігін қарастыратынын жеткізді.

Қабылдауға жазылғандардың қатарында Мейрамбек Байбеков те бар. Ол «Көктем» алқабы, Айша бибі көшесінде тұратын азамат үй ауласын абаттандырып беруді өтінді. Өз кезегінде шаһар басшысы жауаптыларға жұмыс тобын құрып, аталған мәселені зерделеп, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.
Қабылдауда бұдан өзге де бірқатар мәселелер көтерілді. Атап айтсақ, қоғамдық көлік санын көбейту, жол жөндеу, ирригация, жұмысқа орналастыру, тұрғын үй алу, жабайы иттер мәселелері. Әр тұрғынның өтініші назарға алынып, көтерілген сауалдар бойынша хаттама толтырылды. Бақытжан Әмірбекұлы жауаптыларға қабылдауға келген әр азаматтың мәселесін ай соңына дейін шешуді жүктеді.

Жұматай Көксубай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.