Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ресей мектебіндегі атыс: қаза тапқандар саны 17-ге жетті

0 121

Ижевск мектебіндегі атыстан он бір бала мен алты ересек адам қаза тапты деп хабарлады елдегі тергеу комитеті.

«Ресей тергеу комитетінің мәліметі бойынша, 17 адам, оның ішінде 11 бала және 6 ересек адам қаза тапты», – деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін Ресей тергеу комитеті 15 адам, оның ішінде 11 бала көз жұмғанын хабарлаған болатын. 24 адам жарақат алды, оның 22-сі бала. Дүйсенбі күні таңертең 34 жастағы Артем Казанцев Ижевск қаласындағы 88-мектепте оқ жаудырған. Ол күзетшіні өлтіріп, мектепке кірген. Кейін ол өз-өзіне қол салды. Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 105-бабының 2-бөлігі, 222-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр.

Удмуртия билігі үш күнге аза тұту күнін жариялады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.