Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Дүбірлі доданың үздіктері анықталды

0 1,924

Бүгін БАҚ өкілдері арасында өткен “Taraz Cup 2022” турнирінің үздіктері анықталды.

Екі күнге жалғасқан жарыс нәтижесінде Қазмедианың “Voltman” командасы топ жарса, Атырау қаласының командасы 2 орынды, “Ктк” телеарнасының құрамасы 3 орынды еншіледі.

Сондай-ақ Үздік қақпашы – Нұрислам Ғұмар ( Atyrau Aqparat), Үздік ойыншы – Құмарбек Азат (Kazmedia Voltman), Үздік қорғаушы – Дәурен Берікқажы (Экспресс К), Үздік шабуылшы – Әділбек Жақанов (Ақмешіт), Үздік сұрмерген – Нарын Қалиев (Алматы құрамасы) атанды.

Сайыс жеңімпаздарын қала әкімі Бақытжан Орынбеков марапаттады.

1 орын иеленген команда – Астана қаласы “KAZMEDIA VOLTMAN”

2 орын иеленген команда – Атырау қаласы “AQPARAT”

3 орын иеленген команда – Алматы құрамасы

 

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.