Болгария астанасы Софияда көркем гимнастикадан әлем чемпионаты аяқталды. Аталған сынға Әлия Юсупова бастаған Қазақстан құрамасы да қатысты.
Жекелей сында Эльжана Таниева сегізінші орын алды. Бұл – Әлия Юсупова өнер көрсеткеннен кейін қазақстандық гимнастар көрсетіп отырған жоғарғы нәтиже.Юсуповадан кейін отандық спортшылар әлем чемпионатында алғашқы ондыққа енбеген.
Ал көпсайыс қорытындысы бойынша италиялық София Рафаэлли жеңіске жетсе, күміс медальді германиялық Дарья Ворфоломеев, қоланы Стиляна Николова иеленді. Сондай-ақ Таниева аталған әлем чемпионатында Азия құрлығындағы ең жоғарғы нәтижеге қол жеткізді. Ал топтық жаттығудан Қазақстан командасы 24-орын иеленіп, 2023 жылғы әлем біріншілігіне жолдама алды.