Қалалық қоғамдық-саяси газет

Заңсыз балық аулап, бармақ тістеді

0 259

Облыстық полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы және Балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлерімен бірлесе жүргізілген жедел іс-шаралар барысында Аса ауылының шетінде 46 жастағы жолау- шысы бар Талас ауданы тұрғынының басқаруындағы «Ауди 100» маркалы такси көлігі тоқтатылды.

Аталған көлікті тексеру кезінде жүк салғышынан және салонынан жалпы салмағы 284 келі болатын 9 қап балық табылды. Ер адамның балық аулауға рұқсат етілген құжаттары болмаған.
46 жастағы ер адамға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 389-бабы 1-бөлігімен (балықты заңсыз тасымалдағаны және сатып алғаны үшін) әкімшілік хаттама толтырылды. Іс жүргізу шешімін қабылдау мақсатында материалдар облыстық балық шаруашылығы инспекциясына жіберілді.
Тәртіп бұзушыға 1 миллион теңгеден астам сомада келтірілген залалды өтеуге, сондай-ақ 10 айлық есептік көрсеткіште, яғни 31 800 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл төлеу міндеттелді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.