Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қарағандыда жол апатынан екі дәрігер қайтыс болды

0 121

Қарағанды облысында жол апатынан екі дәрігер қаза тауып, 8 медицина қызметкері зардап шекті деп хабарлады turkystan.kz. 

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарышаған ауылының жанында болған қайғылы оқиғаға байланысты қайғыра көңіл айтады.

Жол-көлік апатынан Балқаш қаласындағы «Жезған медициналық орталығы» ЖШС емханасының 2 дәрігері қаза болып, 8 медицина қызметкері зардап шекті. Дәрігерлер Балқаш қаласындағы «Қазақмыс» компаниясының жұмысшыларын профилактикалық қарап-тексеруден өткізіп, қайтып келе жатқан болатын. Олар мінген автобус МАЗ маркалы жүк автокөлігімен соқтығысып, жол апатына ұшырады.

Министрлік атынан мезгілсіз көз жұмған Кенжеханова Виктория Ислямқызы мен Қыстаубаева Бақыт Рашитқызының жақындары мен отбасына қайғыра көңіл айтамыз.

Отоларинголог Виктория Кенжеханова мен офтольмолог дәрігер Бақыт Қыстаубаева азаматтардың денсаулығын қорғауға ондаған жыл ғұмырын сарп еткен нағыз кәсіби мамандар еді. Аймақтық денсаулық сақтау саласы орны толмас ауыр қазаға душар болды», – деп жазылған министрлік хабарламасында.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.