Қалалық қоғамдық-саяси газет

Вайнер Мейіржан Төребаевты қамау мерзімі тағы ұзартылды

0 663

Mudaraban Capital қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша ұсталған вайнер Мейіржан Төребаевты қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды деп хабарлады turkystan.kz.

«17 қыркүйек күні тергеу сотының қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. М.Төребаевқа қатысты кузетпен ұстау түріндегі бұлтарпау шарасы 30 тәулікке, яғни 17 қазанға дейін ұзартылды», – деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов Қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлігі бойынша Алматы қалалық Полиция департаменті Тергеу басқармасы тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде ұсталған болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.