Қалалық қоғамдық-саяси газет

Денсаулық сақтау министрі дәрігер ретіндегі алғашқы қателігі туралы айтты

0 771

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бала емдеудегі алғашқы медициналық қателігі туралы айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Алғаш жіберген медициналық қателігім жақсы есімде қалыпты. Алғашдәрігер болғанымда баланы ішек инфекциясымен емдеп, температурасын түсіріп, жағдайын қалпына келтірдім. Үшінші күні температура қайтадан күрт көтеріліп, бала бозара бастайды. Содан кейін басқа әріптестерімді шақырып, бәріміз бірге қарадық. Мен сол кезде балада ішек инфекциясын емес пневмония екенін білдім. Бала, әрине, аман қалды, бірақ ол сауыққанға дейін мен реанимация бөлімінен шықпадым», – деді Ғиният журналистерге.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.