Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақтөбеде жүргізуші зымыранның қалдығын тауып алды

0 377

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы аумағында вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар зымыранның қалдығын тауып алды, деп хабарлайды Экспресс К

Мәртөк ауданы Сарыжар ауылында тұратын Азамат Қанжағұлов редакцияға хабарласты. Ол Жаңажолда мұнай компаниясының бірінде жүргізуші болып жұмыс істейді екен. Осыдан төрт күн бұрын вахтадан келіпті. Жұмыста жүріп зымыранның қалдығын тауып алған.

Зымыранның қалдығы / © Азамат ҚАНЖАҒҰЛОВ
Зымыранның қалдығы / © Азамат ҚАНЖАҒҰЛОВ

Байғанин ауданының аумағы болуы керек, Жаңажолдан шыққан кезде шамамен 170 шақырым жерде ракетаның қалдығын көрдік. Ол жерді қазір Тақыр кен орны деп атайды. Айдалада жатқан белгісіз затты видеоға түсіріп алдым. Қасымда екі инженер жігіт болды, — дейді Азамат.

— Байқоңырдан ұшқан зымыранның қалдығы шығар деп ойлаймын. Ұшқан кезде бөлініп қалған сияқты. Қанша уақыт жатқаны белгісіз. Біреулер тартып сүйремек болған. Қалдықтың материалы темір емес, титан немесе алюминиге ұқсайды. Жерде жатқан жерінің ұшын сәл тот басқан. Жалпы мұндай заттар айдалада жиі кездеседі. Былтыр да осыған ұқсас затты тауып алғанмын. Бірақ суретке түсірмедім, — дейді Азамат.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.