Қалалық қоғамдық-саяси газет

Атырауды түтін басты

0 569

Атырау қаласын тағы да қара түтін қаптады деп хабарлады turkystan.kz Atpress.kz-ке сілтеме жасап.

«18 қыркүйек күні сағат 12:00-де Атырау қаласы Кеңөзек ауылдық округі Алғабас ауылынан  Каспий теңізіне қарай 40 шақырым қашықтықта 20 гектар қамыс өртенді. Батпақты жер болғандықтан техниканың бара алмауына байланысты оны сөндіруге мүмкіндік болмады», – деп жазылған облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс бөлімі таратқан хабарламада.

Салдарынан Атырау қаласына қарай оңтүстік-шығыстан 5-7 м/с жылдамдықпен жел соғып, түтін иісі қалаға жеткен. Абырой, болғанда зардап шеккендер жоқ.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.