Қалалық қоғамдық-саяси газет

Келесі Президент билік ету мерзімін өзгерте алмайды – министр

0 243

Елдің келесі президенті де, Парламенттің жаңа құрамы да президенттік өкілеттік мерзімін және Мемлекет басшысын қайта сайлауға салынған тыйымды өзгерте алмайды. Бұл туралы әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Президенттің өкілеттік мерзімі 7 жыл және президент тек бір рет сайлануы мүмкін деген Конституцияның ережесі өзгермейді. Келесі президент те, кейінгі Парламент те бұл нормаларды өзгерте алмайды», – деп түсіндірді Мусин.

Ол Конституцияда, 94-бапта, 1-ескертпеде өзгермейтін нормалар жазылатынын түсіндірді. Онда елдің аумақтық тұтастығы, Қазақстанның егемендігі, басқару нысаны туралы ережелер жазылған. Енді мұнда президенттік өкілеттік мерзіміне қатысты түзетулер енгізіледі.

«Бұл норманы өзгерту мүмкін емес. Бұл норманың өзгермеуін Конституциялық сот қадағалайды. Бұл Конституциялық соттың құрамына байланысты болмайды», – деп түсіндірді министр.

Сонымен қатар, ол елорданың атауын кейін өзгертуге болатынын атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін Президент мандатын неге 7 жылға ұзарту ұсынылғаны хабарланған болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.