Қалалық қоғамдық-саяси газет

Талғардағы оқушылар төбелесі: жаңа мәлімет айтылды

0 253

Алматы облысы Талғар қаласындағы №2 орта мектептің жоғары сынып оқушылары арасындағы төбелеске қатысты жаңа мәлімет белгілі болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық білім басқармасы басшысы Салтанат Бесбаеваның айтуынша, мектеп директорына, оның орынбасарына және сынып жетекшісіне сөгіс жарияланған.

«Олар осы жайттардың бәрін ескеруі керек еді. Әсіресе, каникулдан кейін: балалар тіл табыса алмай жүр. Сол себепті ұрыс-керіс болды. Директор, оның орынбасары және сынып жетекшісі оқушылармен сөйлесуі керек», – деді Салтанат Бесбаева.

Еске салайық, кеше екі жоғары сынып оқушысы арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан. Салдарынан 2005 жылы туған оқушылардың бірі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі зардап шеккен оқушының жағдайы туралы айтып берді.

«2005 жылы туған науқас 2022 жылдың 15 қыркүйегінде сағат 11.50-де травматология бөліміне жатқызылды. Диагноз: жабық бас-ми жарақаты. Миы шайқалған. Науқас тексерілді, одан әрі емделу үшін травматология бөліміне жатқызылды», – деді ведомсвто өкілдері.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.