Қалалық қоғамдық-саяси газет

Айсәуле Бақытбек қазір пәтер жалдап, тентіреп жүргенін айтты

0 317

Белгілі продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек отбасымен бірге жалдамалы пәтерде тұратынын айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Айсәуле баспананы ипотекаға алған тиімсіз деп санайды. Сондықтан ол бүгінде отбасымен бірге жалдамалы пәтерде тұрып жатыр. Бұл жұлдызды жұпқа ұнайтын көрінеді. Себебі Айсәуле болашақта шет елге қоныс аударуды көздеп отыр.

Айсәуле Бақытбек осы күнге дейін үйсіз-күйсіз жүргенін айтты / instagram.com/aissaulebakytbek
Айсәуле Бақытбек осы күнге дейін үйсіз-күйсіз жүргенін айтты / instagram.com/aissaulebakytbek

«Иә, біз жалдамалы пәтерде тұрамыз. Бұл біздің таңдауымыз. Біз ипотекаға баспана алуға қарсымыз. Осылай өмір сүрген ұнайды. Қайда тұрғымыз келетінін өзіміз ғана таңдаймыз. Болашақта шет елге қоныс аударуымыз мүмкін. Өзге елде жеке үйіміз бар», — дейді Айсәуле Бақытбек.

 

Бұған дейін Айсәуле Бақытбек әкесінің абақтыдан шығуына қатысты пікір білдіргенін жазды. Ол біреудің ауыр тағдырынан «хайп» жасайтын адамдарды жек көретінін айтқан болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.