Қалалық қоғамдық-саяси газет

Отбасы күні арнайы кітапханада аталып өтті

0 369

Халқымызда «Отан – отбасынан басталады», – деген тәмсіл бар. Бұл қазақ қоғамындағы өзгермейтін, әбден қалыпқа түскен қағиданың бірі. Олай дейтініміз ел экономикасының тірегі, бәсекеге қабілетті, саналы да білімді ұрпақтың қалыптасуында отбасының алар орны айрықша.

Осы отбасылық институтты нығайтып,  мүмкіндігі шектеулі отбасының жағымды имиджін қалыптастыру, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау, рухани ойлауы терең, мәдениетті, парасатты, ар – ожданы таза, еңбекқор ұрпақты тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік беру мақсытында   Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Отбасы күні мерекесіне орай Отбасы – ұлттың тірегі» атты  облыстық отбасылық байқау ұйымдастырды.

Тартысты сайыс Ш. Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығында өтті.

Бұл байқауға облыс көлеміндегі әлемді көзімен емес көкірек жанарымен көретін зағип отбасылар және барлық топтағы көз мүгедектігі бар 8-12 жас аралығындағы зағип балалар мен ата-аналары қатысты. Барлығы 4 отбасы: Байбосыновтар, Жарылқасыновтар, Әсембектер, Ізбасаровтар отбасылары байқау ережелеріне сәйкес бақ сынасты. Олар«Жанарымдағы  сол бір әуен», «Сәнді киін», «Киностан», «Білгенге – маржан…», «Бір жыр оқимын», «Ыстық жанұям» атты кезеңдерде белсенділік танытып, сахнада поэзиялық шығармаларын орындап, өздерінің шеберліктерін, өнерлерін  жоғары деңгейде көрсете білді.

Қоғамның негізгі мақсаты адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, керегесі кең, берік отбасына байланысты. Байқаудың басында жанына жақын жандардың  маңыздылығын ашатын  отбасы жайында түсірілген әлеуметтік бейне ролик көрсетілді.

Ал, өмір сынағына сыңбай отбасың сақтап қалу үшін барын аямай жүрген жандар алдында Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармония әншілеріҚырғызалиев Алмас дәстүрлі ән шырқаса, Балжан Ділдабекова «Құлыншағым» әнін орындады.

Отбасы мерекесіне қатысушыларға «Болашақ» мектеп-интернаты оқушылары Салауат Еламан мен Сағындық Айсана қолдау көрсетіп «Әке, ана» әнін орындап көрермендерге керемет  көңіл күй сыйлады.

Байқау комиссиясының шешіміне сәйкес қатысушылар жинаған ұпайларына сәйкес жеңімпаздар, сондай-ақ номинация жеңімпаздары деп танылды.Үздік деп танылған отбасылар:I-Байбосыновтар отбасы болса, II- орынды Жарылқасыновтар отбасы иеленді. Ал, III-Ізбасаровтар алды. Өзге жеңімпаздармен қатар қалыспай байқауда мықтылық көрсеткн  Әсембектер отбасы ынталандыру марапатына лайық деп  танылды.

«Отбасы – ұлттың тірегі» атты  облыстық отбасылық байқауда әділқазылық еткен  Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «мәдениет және өнер бөлімінің» бас маманы Құттыбаева Жадыра Нұржанқызы, Жамбыл облыстық «Қазақ соқырлар қоғамы»   филиалының  Қазақстан Республикалық  соқырлар қоғамының төрайымы Нұрмашева Гүлнұр Омарқызы және  «Болашақ» мектеп-интернаты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мамасерикова Әсель Токтағұлқызы.

Байқаудың барлық қатысушылары сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.