Қалалық қоғамдық-саяси газет

Түркістан облысында оқушылар төбелесіп, біреуінің мәйіті ауыл маңынан табылды

0 148

Түркістан облысындағы Кентау қаласында мектеп оқушылары төбелесіп, олардың бірі екіншісін пышақтаған. 10-сыныпта оқитын баланың денесі ауыл маңынан табылды, деп хабарлайды Экспресс К.

Баланың мәйіті табылғаны туралы полицияға тұрғындардың бірі хабарлаған. Оқиға қыркүйектің 14-інен 15-іне қараған түні болған.

Кентаудағы Қармақ және Шекербұлақ ауылдарының оқушылары өзара сөзге келіспей, жанжал туындаған.

Оқушы өлімі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, күдікті ұсталды.

 

«Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті ретінде көрші ауылдың тұрғыны ұсталды. Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жанжалдың қалған қатысушыларын ұстау шаралары атқарылуда. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр», дейді облыстық Полиция департаментіндегілер.

 

Ведомство мәліметінше, қазіргі таңда елді мекендегі жағдай тұрақты. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полицейлер жұмылдырылған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.