Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда құс еті айтарлықтай қымбаттады

0 187

Қазақстанда құс еті жылына бірден 28 пайызға қымбаттады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Биыл қаңтар-шілдеде балғын немесе салқындатылған құс етін өндіру 64,2 мың тонна болған, бұл бір жыл бұрынғыдан 3,5 пайызға артық. Сондай-ақ, 75,9 мың тонна мұздатылған құс еті өндірілген, бұл 2021 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 0,1 пайызға артық.

Өндірістің басым бөлігі Алматы және Ақмола облыстарына тиесілі. Ақмола облысында балғын немесе салқындатылған құс етінің 38,4 пайызы және мұздатылған құс етінің 18,6 пайызы, Алматы қаласында жаңа немесе салқындатылғанның 16,6 пайызы және мұздатылған құс етінің 50,6 пайызы өндірілген.

Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша отандық кәсіпорындар құс еті мен жанама өнімдерге сұранысты бір жыл бұрынғы 68,9 пайыздан 71,1 пайызға қамтамасыз еткен. Осы кезеңде өндіріс көлемі 4,2 ​​пайызға артып, ет импорты 6 пайызға азайып, 58,7 мың тонна болған.

Ал ішкі нарықта өткізу көлемі 196,8 мың тонна болған. Бұл былтырға қарағанда, 5,3 пайызға артық.

Тамыз қорытындысы бойынша құс етінің құны бір жылда 27,9 пайызға өскен. Оның ішінде тауық еті 25,9 пайызға, тауық аяғы 28,5 пайызға, тауықтың кеуде еті 29,3 пайызға, аяғы мен жамбасы 29,5 пайызға қымбаттаған.

Өңірлер арасында құс бағасы Маңғыстау облысында айтарлықтай қымбаттаған, яғни 43,8 пайызға. Бұл қатарда Ақтөбе (37,8 пайыз) және Павлодар (35,2 пайыз) облыстары да бар. Ең төмен баға Қарағанды облысында тіркелген, жылына 15 пайызға қымбаттаған.

Тамызда дүкендер мен базар сөрелерінде бір келі тауық еті орташа есеппен 1300 теңге болса, бір келі тауықтың сан еті 1200 теңге болған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.